«Ыгылман Шөреков атындағы мектеп-гимназия»

«Ыгылман Шөреков атындағы мектеп-гимназия»

Меню

Материалдық база бөлімі

Материалдық база: Мектеп үйі 2009 жылы пайдалануға берілді. 320 оқушылық типтік жобада салынған.

Мектепте - 1 компьютер кабинеті, 1 шеберхана, 1 спорт зал бар.

Сондай-ақ 6 пәндік кабинеттер жасақталған. Соның ішінде химия, физика, математика, биология, АӘД, бастауыш, сыныпқа арналған кабинеттер соңғы үлгідегі  құрал-жабдықтар интерактивті  тақталар, проекторлар басқа да қажетті құралдармен жабдықталған.

Аудандық білім бөліміне алдағы уақытта лингофон, роботехника кабинеттерін алуға сұраныс берілді.

Мектеп ауласында жабдықталған спорт алаңы, жасанды жасыл  футбол  алаңы  бар. Оқушылардың  денсаулығын оңалту мақсатында мектепте лицензиясы бар бір дәрігерлік бөлме мен бір тіс емдеу бөлмесі жұмыс жасап тұр. Кітапханада кітап қоры жеткілікті. Оқулықтар 16801 дана, әдеби  шығармалар 3881дана жинақталған. Оқу залы бар.

Мектепте 60 орындық асхана жұмыс жасайды. Қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ЖК Ж.Айжарыкова ұйымдастырады.

Мектеп үйі толықтай өрт, терроризм, полиция бөлімшесінің жедел дабыл түймелеріне қосылған, жұмыс жасап тұр.

Биылғы 2020-2021 оқу жылында мектеп жеңіл жөндеу жұмысынан өтті.

Жеңіл жөндеу жұмысына 498000 (төрт жүз  тоқсан сегіз мың) теңге қаралған, толық игерілді.

2023 жылы 33 000000 (отыз үш ) миллион теңгеге модернизациялық жөндеуден асхана, кітапхана, мектептің кіре берісі өтті.STEM кабинеті жасақталды.    

Камералар саны:    барлығы - 35          сыртқы - 13          ішкі - 22

Директор блогы


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Блогқа өту
Ыгылман Шөреков атындағы мектеп-гимназия