«Ыгылман Шөреков атындағы мектеп-гимназия»

«Ыгылман Шөреков атындағы мектеп-гимназия»

Меню

Мектептің қысқаша тарихы

Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында, Елбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты ел халқына арнаған Жолдауында Үкіметке 100 мектеп, 100 аурухана салуды тапсырған болатын. Нәтижесінде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Миялы селосында 320 орындық  орта мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қызылқоға аудандық әкімшілігінің 26.12.2008 жылғы №316 «Миялы селосынан жаңа ұлттық гимназия ашу туралы» қаулысына сәйкес ауданымызда тұңғыш ұлттық гимназия ашылды.                 2009 жылғы қаңтар айында гимназия ұжымы  алғашқы   қадамын Б. Аманшин, Х. Досмұхамедұлы, №1 негізгі мектептің жоғарғы және І санатты 20 мұғалімімен бастады. Аудан орталығындағы мектептерден конкурстық негізде гимназияға  151 оқушы  қабылданды. Мектепте 20 орындық жатақхана болды.  Жатақханада 20 оқушы оқып, білім алды.  2009 жылы  аудан әкімшілігінің ұйғарымымен Миялы ұлттық гимназиясы №1  негізгі  мектеппен  қосылып               №1 мектеп – гимназиясы  болып  қайта құрылды.                2017 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Атырау облыстық Әділет департаментінің, Қызылқоға аудандық Әділет басқармасының тіркеу туралы анықтамасына сәйкес           мектеп – гимназияға Ы.Шөрековтың есімі беріліп,                    Ы. Шөреков атындағы  мектеп-гимназиясы болып өзгертілді.

Директор блогы


Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

Блогқа өту
Ыгылман Шөреков атындағы мектеп-гимназия