ВАКАНСИЯ! КОНКУРС!
Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы КММ ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №513 бұйрығына сәйкес бос лауазым орынға конкурс жариялайды.
«Тарих пәні мұғалімі» мамандығы бойынша 17 сағат уақытша тарих пәнінің мұғалімдігіне конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагог мамандар хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- соттылылығы жоқ екендігі туралы анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеуден педагог сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
- Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысушылардың құжаты конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде яғни ағымдағы жылдың 27 қазанға дейін қабылданады.
Конкурс 1 қараша күні сағат 10.00 де өтеді.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Миялы ауылы,Абай Құнанбаев көшесі, 49үй.
Телефон: (71238)2-13-55
+7 701 620 09 87 мектеп директоры
+7 702 434 96 84 іс-қағаз жүргізушісі
Электронды пошта: gymnazia1@bk.ru
Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы КММ